Сақшы. Қазақстандағы шомылу маусымы

Қазақстанда шомылу маусымы ашылды. ІІМ суға түскен кезде қайғылы оқиғаға душар болмау үшін сақтық шараларын сақтауға шақырады. Әсіресе шомылуға шыққан балаларға барынша абай болған жөн. Себебі кәмелет жасқа толмаған балалардың суға кету жағдайы көбіне-көп олардың қараусыз қалуынан болады. Былтырғы жылдың статистикалық мәліметтері бойынша суға түсу маусымы кезінде түрлі себептерге байланысты 102 бала суға кеткен. Ал биыл жыл басынан бері 30-ға жуық адам суға батып, бақилық болды. Оның 11-і  балалар.