Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Ғалымдар адамзат пластик өніміне тәуелді болып қалғанын айтуда

Өзіміз жасаған пластикке өзіміз тәуелді болып қалдық. Бұл аздай құтыла алмай отырмыз, деп дабыл қағады «Нэшнал Джеографик». Журналист Лаура Паркер Джорджия университетіндегі инженерлік факультеттің профессоры Дженна Джембекпен кездесіпті. Бұл ғалым 2015 жылы жағалаудағы аймақтардан мұхитқа жыл сайын 13 миллион тоннаға тарта пластик тасталатынын санап шығыпты. Осыдан кейін кеңінен танылған Джембек пен оның әріптестері қалдықтардың басым бөлігі жолаушылар кемесінен тасталмайтынын айтады. Пластикті адамдар жерге көміп, өзенге ағызып құтылады екен. Әсіресе бұл келеңсіздік Азияда өршіп барады.