Үлкен спорт. Допинг қолданғаны әшкере болған Крис Фрумнің ісі жабылды

Допинг қолданғаны әшкере болған «Тур де Франс» жеңімпазы, велосипедші  Крис Фрумнің ісі жабылды. Былтыр спортшыдан алынған допинг-сынамада бронхы кеңіткіш сальбутамол препаратының мөлшері екі есеге көп екені анықталған еді. Ал Крис Фрумнің өзі кінәсі жоқтығын айтып, әріптестеріне ақталумен болды. Енді Халықаралық велосипедшілер одағы бұл дауды одан әрі созуды негізсіз деп тауып, ағылшын жігітін Франциядағы көпкүндікке қатыстыруға шешім қабылдады.