Астанада оқушы бес жасар баланы құтқарып қалды

Елордада 7-сынып оқушысы тұрғын үйдің 4-қабатының балконында ілініп тұрған баланы құтқарып қалды.

Оқиға Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Қайғылы жағдайдың алдын алған Ақан Әкімжанов 7-сынып оқушысы екені белгілі болды. Оның баланы құтқарып қалған видеосы әлеуметтік желілерде тарап, көптің таңданысын тудырды. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де көп балалы отбасынан шыққанын, іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді.