Семейде «Қызыл кітап беттерін парақтаймыз» апталығы өтті

Семейде «Саябақтар шеруі» халықаралық акциясы аясында «Қызыл кітап беттерін парақтаймыз» апталығы өтті.

Оған өлкетанушылар, биологиялық орталық қызметкерлері мен студенттер қатысты. Олардың назарына Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер ұсынылды. Мақсат – қоршаған ортаны қорғап сақтау. Аталмыш эко-акцияны «Семей Орманы» табиғи орман резерваты жыл сайын ұйымдастырады. Жалпы Абай облысы бойынша Қызыл кітапқа енген 162 өсімдік пен 2 жануар бар.

Ғани Алпысшалов, «Семей орманы» табиғи орман резерваты директорының орынбасары:

- Қызыл кітап деп оны бекер қойған жоқпыз. Біз көрген өсімдіктер мен жануарларды жастар да көрсін, білсін деген ой біздікі. Біз жалғыз өсіп тұрған өсімдікті байқасақ оны қатаң бақылауға аламыз. Ол көбейе ме, азая ма бәрін бақылап отырамыз.