Үлкен спорт. Франция құрамасы екінші рет футболдан әлем чемпионы атанды

Гризманн, Погба, Мбаппе мен өз қақпасына гол салып алған Манджукичтің арқасында Франция құрамасы екінші рет футболдан әлем чемпионы атанды. Жанкүйерлерді желіктірген жеңіс желпіністері туралы «Ле Монд» басылымы жазған. Француздар ойын барысын уысынан шығарып алды. Бірақ жекелеген ойыншылары мен қарсыластырының қателігінің арқасында және бейнеқайталаудың көмегімен жеңіске жетті. Әсіресе матчтың 38-ші минутындағы пенальтиде мүлт кетпеген Антуан Гризманн, 59-шы минутта дөп соққы жасаған Поля Погба мен ойынның 67-ші минутында қақпаны дәл көздеген Килиана Мбаппенің еңбегін ерек айтуға болады.