Отандық медицина. Инсульттың алдын алу

Казақстандық дәрігерлер хирургиялық профилактиканың көмегімен инсульттың алдын алуға күш салып келеді. Отандық нейрохирургтар инсултьқа шалдыққан пациенттерде бұл кесел қайталанбауы үшін, сондай-ақ осы дертке шалдығу қаупі жоғары адамдарға ерекше  операциялар жасайды. Статистика бойынша, Қазақстанда жыл сайын 40 000-ға жуық адам инсультқа шалдығады. Бұл – мидағы қан айналымының бұзылуына байланысты пайда болатын дерт. Нәтижесінде мидың белгілі бір аумақтарында қан айналымы нашарлайды немесе мүлдем тоқтайды. Кейде қан тамырлары жарылып, миға қан құйылады.