Заң жобасы. Жаппай декларациялау
Жаппай декларацияға Қазақстан біртіндеп келе жатыр. Алдымен 2016 жылы елімізде мүлікті заңдастыру шарасы өткізілді, мемлекет мүліктерін заңдастырған азаматтарды әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартпауға уәді берген еді. Мұнан кейін салық заңына өзгерістер енгізіліп, резиденттерді шетелдік активтеріне байланысты есеп беруге міндеттеді. Енді ел тұрғындарына жаппай декаларацияның басталатын уақыты жарияланды.