Экономика. Көмір нарығына шолу

Қазақстан жаңалықтары

-          Қазақстан республикасының индустрия және даму министрлігі, жыл сайын 5 000 шақырымға дейін жол жөндеуге дайын

-          2018 жылдың 7 айында негізгі капиталға инвестиция, 5,5 трлн теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес мерзімге қарағанда, 35,6%-ке немесе 1 трлн 400 млрд теңгеге көп

-          Келесі көктемде Қашаған кен орнында мұнай өндіру бірнеше аптаға тоқтату жоспарлануда

-          Бір жылда ҚР-да жеңіл автомобиль саны 0,6%-ке қысқарып, 2018 жылдың мамыр айының соңында 3 млн 800 мыің көлік болды

Әлем жаңалықтары

-          31 шілдеде аяқталған, 2017-2018 қаржы жылының тоғыз айында, америкалық HP Inc. компаниясының таза табысы, 3 миллиард 876 млн доллар болған. Бұл жыл тұрғысынан алғанда 2 есеге көп, делінген компанияны есебінде

Сараптама

Елдің солтүстігіне қазірден айтарлықтай салқын түсті. Жылыту маусымы қыр астында тұр. Көп ұзамай жер үй тұрғындары көмір іздей бастайды. Өткен күз суық болды. Салдарынан көмір нарығында қарбалас туғаны белгілі. Еліміздің барлық өңірінде отынның бұл түрі тапшы болып, алыпсатарлар соны қатты пайдаланды. Бағаны шарықтатып жіберді. Бағаны келіскен тұрғыда көтеру, артынан жүздеген миллион теңгеге айыппұл төлеу. Бұл үйреншікті жағдайдың барлығын алдағы уақытта бастан кешіреріміз хақ. (дәйексөз: Сағынтаев Б.- ҚР Премьер-министрі; спикерлер: Исатов С.- ҚР ЭМ электроника және көмір өнеркәсібі департаменті басқармасының жетекшісі; Ахунбаев А.- ЕҚДБ стратегиялық және салалық талдау басқармасы бастығының орынбасары)