Экономика. Цифрлық эфирлiк телевизия

Қазақстан жаңалықтары

-          2018 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, шамамен 3,9% болды. Мысал үшін өткен жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 4,1% болған

-          Еуразиялық Экономикалық Комиссияның шешіміне сай, Қазақстан, Ресей және Беларусь, 2019 жылы ет енгізуге квота мөлшерін өзгертпейді

-          2018 жылдың қаңтар-шілдесінде, негізгі капиталға құйылған жиынтық инвестиция, бір жыл бұрынғы сәйкес мерпзімге қарағанда  бірден 1 трлн 400 млрд теңгеге артып, 5,5 трлн теңге болды

-          «7-20-25» бағдарламасы бойынша, ипотекалық несие беруге 14 млрд теңге сомасының 1190 өтінімі мақұлданды

Әлем жаңалықтары

-          Aston Martin элиталы карларын автоөндіруші, 5 млрд фунтқа бағаланатын, IPO-ға шығу туралы шешім қабылдады 

Сараптама

Қазақстан эфирлік цифрлық телевизияны ендіруге әзірленіп жатыр. Осы жылдың соңына дейін үш өңір мен бір қалада аналогтық хабар тарату өшіріліп, түгел цифрлыққа өтеді. Жалпы еліміз моральдық тұрғыдан ескірген сигналдан 2021 жылға дейін толық бас тартуды жоспарлап отыр. Ол уқытқа дейін елімізде 827 радилтелевизиялық станция салынуы тиіс. (спикерлер: Тәжібеков И. -«Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы; Нәшірәлі Е.- ҚР АКМ БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры)