Үлкен спорт. Криштиану Роналду өз қауіпсіздігіне алаңдаулы

Сақтықта қорлық жоқ. Осыны ескерген Криштиану Роналду өзінің қауіпсіздігіне алаңдаулы. Football Italia-ның жазуынша, «Ювентустың» шабуылдаушысы команда басшылығынан өзі мен отбасын күзетуге оққағар тауып беруді сұрапты. Өйткені Гран Мадредегі вилласына көңілі толмайды екен. Айтуынша, үйіне кез келген адам басып кіруі мүмкін.