Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Францияда 40 жасқа толған «фругалистер» қатары көбейген

Француздық «Фигаро» басылымы француз қоғамында пайда болған жаңа құбылыс туралы баяндайды. Қазір елде 40 жасқа толғасын, жұмыс істеуді доғаратын «фругалистердің» қатары көбейген. Мұндай өмір салтын ұстанушылар АҚШ-тан шыққан екен. Яғни, күш-қуаты толысқан жастар табысы аз болса да, жұмыс істеуді біртіндеп азайтады. Бұл адамдардың басты мақсаты - тезірек көп ақша жинап, өз бетімен бұйығы тіршілік кешу.