Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Ғалымдар Норвегияны зейнеткерлерге жайлы өмір сүруге қолайлы мемлекет деп танып отыр

Зейнеткерлердің жайлы өмір сүруіне қай мемлекет қолайлы? Линн Мерете Рогнё бұл туралы «ЭйБиСи Нухетерге» материал дайындапты. Колумбия университетіндегі америкалық ғалымдар Норвегия елінде аға буынға барынша жағдай жасалған деп отыр. Зерттеу жұмыстарында Экономикалық әріптестік және даму ұйымының 18 мемлекеті қамтылған. Статистикалық деректер зейнетақы мөлшері мен адамдардың бұл төлем туралы көзқарасы секілді көптеген аспектілер бойынша сұрыпталған. Осылайша, Швецияның өзін артта қалдырған Норвегия көш басынан табылды.