Экономика. Ұялы байланыс нарығы: Ресей, Украина, Қазақстан

Қазақстан жаңалықтар:

- Елімізде ет қымбаттады. Айталық, жылқы етінің бағасы бір айда 1,7 процентке қымбаттап, келісі 1965 теңге болған. Бір жылдағы өсім 9,3 процент;

- Қазақстан мен Өзбекстанның өзара тауар айналымы 37 процентке өсті. 2018 жылдың алғашқы алты айында екі елдің алыс-берісі 1 млрд 400 млн АҚШ долларынан асқан;

- Биылғы 8 айда қазақстандықтар 36 191 жаңа темір тұлпар тізгіндеген. Көліктердің жалпы құны 304 млрд 600 млн теңге

- Айырбастау пунктеріндегі ресей рублінің нетто саудасы биылғы шілде айында 51 млрд 900 млн теңге болды.

 

Әлем жаңалықтар:

- Нью-Йорктің экс мэрі, Bloomberg агенттігінің негізін қалаушы Майкл Блумберг 2020 жылы өтетін сайлауда АҚШ президенттігіне үміткер ретінде тіркелуі мүмкін.

- RoyalDutchShell мұнай компаниясы Мексика шығанағындағы CaesarTonga кенішіндегі үлесін АҚШ-тағы  FocusOil компаниясына сату туралы келісім жүргізіп жатыр. Келісім-шарт құны 1 млрд 300 млн доллар шамасында.

 

Сараптама: Ұялы байланыс нарығы: Ресей, Украина, Қазақстан

Ұялы байланыс пен мобильді интернет нарығын бірнеше жылдан кейін айтарлықтай өзгерістер күтіп тұр. Ақпарат жөнелту жеңілдейді, есесіне бағасы біраз қымбаттауы мүмкін. Мобильді интернеттің сапасы, бағасы және келешегі жайлы сараптамалық шолуымызда баяндаймыз.

Спикер: Шадеева А. - халықаралық зерттеу компаниясының өңірлік директоры.