Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Кувейт шикі мұнайды АҚШ-қа экспорттауды тоқтатты

Кувейт шикі мұнайды Құрама Штаттарға экспорттауды тоқтатты. «Блумберг» 1990-1991 жылдары Парсы шығанағындағы соғыстан кейін мұндай жағдай алғаш рет болып отырғанын жазады. Сол кезде Ирак әскерлерінің басқыншылығына ұшырап, одан кейін «Шөлдегі боран» операциясын өткерген Кувейттің мұнай саласы дағдарысқа тап болды. 26 жыл бойы мұхиттың арғы жағына мұнайды тоқтаусыз тасымалдаған әмірлік бұл қадамын қара алтында Азия елдеріне сатқан тиімдірек екендігімен түсіндіреді.