Медицина. Офтальмология
Әлемді біз көз арқылы танимыз. Адам өзінен бастап, айналасын қос жанардың күшімен зерттейді. Яғни, ақпарат қабылдаушы негізгі орган болса керек. Әйтсе де, қазіргі қоғамда көз ауруларына шалдыққандардың қатары көбейіп келеді. Интернет бетінде жарияланған мынандай бір ақпарат бар. Әлем бойынша, 100 мың ересек адамның 11 мыңында көздің түрлі дерттері анықталған. 17 жасқа дейінгі балалар арасында бұл көрсеткіш сәл жоғары. Әрбір 7-ші баланың көзінің ақауы бар. Туа біткені бір бөлек, жүре пайда болғанын қайтесіз?!