Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Ғалымдар ұялы телефонның рак ауруына алып келетінін дәлелдеді

Ғалымдар ұялы телефондардан тараған сәулелердің әсерінен егеуқұйрықтардың рак ауруына шалдығатынын дәлелдеді. Mirror басылымының шолушысы Шивали Бесттің жазуынша, АҚШ-тағы токсикология жөніндегі Ұлттық бағдарлама қызметкерлері 2G және 3G технологиясы қолданылатын телефон сигналдарының күшімен егеуқұйрықтардың еркегінің жүрегі мен миында ауытқушылық болатынын анықтады.