Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Эбола вирусынан емдейтін вакцина қаншалықты пайдаға асты?

Ажал отын үрлеген Эбола вирусынан емдейтін вакцина қаншалықты шипалы болды? Бұл сауалдың жауабын іздеген «Евроньюс» журналистері Сьерра-Леонеге аттаныпты. Осы елде және іргелес орналасқан Либерия мен Гвинеяда 2013 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың мамыры аралығында безгек дерті 11 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Олардың 28 мыңы ауру жұқтырған.