Әскер KZ. «Кобальт - 2018» оқулары

6 желтоқсанда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті өтеді. Талқыланатын тақырып - терроризммен күрес мәселесі. Осыдан 9 жыл бұрын ұйым бастамасымен жедел әрекет етудің ұжымдық күштері құрылған болатын. Түрлі дерек көздерінің мәліметінше, оған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің 20 мыңға жуық әскериі кірген. Барлық қатысушылар тұрақты дайындық жағдайында болуы тиіс. Бұл мәселелер алдағы айда Ресейде кеңінен талқыланады. Ал бүгінгі бағдарламамызда біз Қазақстан аумағында сәтті әрі нәтижелі өткен «Кобальт - 2018» оқулары жөнінде баяндаймыз.