Кинобизнес. Қытайда «Жібек жолының тұтастығы» атты халықаралық кинофестиваль өтпек

Қытайдың Шанхай қаласында 15-16 желтоқсан күндері, «Жібек жолының тұтастығы» атты халықаралық кинофестиваль өтеді. Silk Road Cohesion Awards 2018 осылайша әлемдік кино өкілдерінің басын қоспақ. Бұл кинобайқауда ТМД елдерінің 20 картинасы ұсынылмақ. Қазақстан атынан Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жолы», Нұртас Адамбайдың «Лифт» лентасы, Мейірхан Шерниязовтың  «Регистратор» комедиясы секілді 10 фильм көрсетіледі. Тізімде ресейлік туындылар да бар.