Агробизнес. Астанада KazOil 2018 конференциясы өтті

Жақында елорда төрінде халықаралық KazOil 2018 конференциясы өтті. Алқалы жиынға Европа мен Азия елдерінің май-тоңмай бизнесіндегі ірі компания өкілдері қатысты. Айтар болсақ, шарада отандық және Иран, Қытай, Ресей, Украина, Германия және Ұлыбритания мемлекеттерінің агро кәсіпкерлері қазақстандық нарықтағы өзекті мәселелерді сөз етіп, дамытудың жолдарын әңгімеледі. Негізі республикадағы дихандар бертін ғана, рапс, күнбағыспен зығырдың - жоғары маржиналдық дақыл екендіктеріне көз жеткізді. Сол себепті болар елімізде егістік жер көлемі өзгерді.