Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Brexit әлемдік әуе тасымалына кесірін тигізуі мүмкін

Brexit әлемдік әуе тасымалына кесірін тигізуі мүмкін, деп жазады «Рейтер» агенттігінің тілшілері. Еуропадағы халықаралық әуе көлігі қауымдастығының вице-президенті Рафаэль Шварцман Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуы азаматтық авиацияны қиын жағдайда қалдыратынын мәлімдеді.