Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Гонконгте нанопәтерлерге сұраныс төмендеп кетті

Гонконгте жылжымайтын мүлік бағасының арзандауы мұң екен, нанопәтерлерге сұраныс төмендеп кетті. «Блумберг» тілшісі Шона Кванның жазуынша, осыдан аз уақыт бұрын дүрілдеп тұрған шағын пәтерлерге қызығушылар азайыпты. Екі жыл бұрын құрылыс компаниялары аумағы көлік қоятын орыннан да кішкентай пәтерлерді көпшілік назарына ұсынған еді. Ауданы небары 12 шаршы метрлік тұрғынжайлар жылжымайтын мүлік нарығын біраз шулатты. Бірақ атышулы баспананы тек екі адам сатып алды. Осылайша қалған 70 пәтерге ақыры қожайын табылмай қойған.