Медицина. Аллергия
Соңғы кезде аллергия деген сөзді жиі еститін болдық. Әсіресе жаздың ортасынан бастап көз қызарып, мұрын қышып, түшкіріп, беймаза күйде жүретін адамдар өте көп. Аллергия 21 ғасыр дерті дейтіндер рас та шығар. Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, жер бетіндегі әрбір үшінші адам бұл дертке шалдыққан.