Агробизнес. 2018 жылы ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістер

Биыл Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында көптеген өзгерістер орын алды. Осының арқасында еліміздің агроөнеркәсіптік кешені әжептеуір дамыды. Мәселен, үстіміздегі жылы жаңадан атқарылған шаруалардың нәтижесінде республикада мал басы, жиналған астықпен экспортталатын өнімнің көлемі артты. Оған қоса ата кәсіпті қолға алған жандардың да саны көбейді. Бүгін біз 2018 жылы тындырылған істі сөз етіп, 12 айды қорытындылайтын боламыз.