Агробизнес. Агроөнеркәсіп саласындағы тың жобалар

Қазіргі таңда еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне түрлі сандық жүйелер жаппай енгізіліп жатыр. Осының арқасында мамандардың ісі жеңілдеді, әрі жылдам атқарыла бастады. Мұндай жаңашылдықтардың бірі - күзгі және көктемгі дала жұмыстары кезінде жеңілдетілген отынды электронды түрде бөлу. Оны қазақстандық шаруалар сынап көрді. Енді, қолданбақ ниетте. Бүгін дәл осы тың жобаның мүмкіндіктерін толығырақ айтатын боламыз.