Шаршы метр. Қазақстандықтар тарапынан эконом санаттағы үйлерге қызығушылық артып келеді

2017 жылмен салыстырғанда өткен жылы тұрғын үй құрылысының көрсеткіші 10% артты.

Орташа есеппен 1 мың тұрғынға 537 шаршы метрден келген екен. Сарапшылардың пайымдауынша, құрылыс компаниялары осы қарқынын бәсеңдетпесе, жыл соңына қарай Қазақстан тарихи рекордқа қол жеткізеді. Яғни жылына 1 мың тұрғынға шаққанда 700 шаршы метр жаңа үй пайдалануға беріледі.