Агробизнес. Қазақстандағы аграралық саланы моделдеу

Жиналатын ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі мен сапасы ауа райына тікелей байланысты. Егер де құрғақшылық орнап немесе жиі жаңбыр жауса өнім берекелігі төмен болатыны мәлім. Мұндай қиындықтан шығудың бір жол бар. Ол үшін отандық шаруалар қысқа және ұзақ мерзімге арналған болжамдармен қамтылуы керек. Міне, соған сүйене отыра фермерлер тез арада шешіп қабылдап, жағдайды реттей алады. Бірақ, қазіргі таңда дәл болжам шет елдерде ғана жасалады. Біз бүгінгі бағдарламамызда америкалық гидрометеорологиялық жүйе, аграралық саланы моделдеу және оның қазақстандық кәсіпкерлерге қажеттігін айтамыз.