Үлкен спорт. Владимир Крамник кәсіби мансабын аяқтайды

Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Владимир Крамник кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп жазады «Тата-Стил-Чесс». Яғни ол өз титулын қорғауды доғарып, құрама атынан ресми жарыстарға қатыспайды. Әлемнің экс-чемпионы бұл шешімі туралы «Вейк-ан-Зедегі» турнирден кейін жария етті. Крамник 2000-2007 жылдар аралығында әлемнің ең үздік шахматшысы саналды. Тіпті әйгілі Гарри Каспаровтың өзін 2000 жылы ығыстырып, тойтарыс берді. Бірақ араға жеті жыл салып, Вишванатан Анандтан жеңіліп қалды. Бұдан кейін Крамник бірнеше рет үміткерлер турнирінде бағын сынады. Бірақ чемпиондық матчқа өте алмаған еді.