Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Австралияның Квинсленд штатындағы 2000 үй су астында қалды

Нөсер жаңбырдан кейін Австралияның Квинсленд штатындағы 2000 үй су астында қалды. Бұл іске билік ресми рұқсат берді, деп жазады «Гардиан» газеті. Таунсвил қаласының басшылығы арындаған өзеннің екпінін ұстап тұрған бөгетті ашуға мәжбүр болыпты. Мэрия өкілдері тасқынға жол бермеу үшін осындай шешім қабылдаған. Әйтпесе 20 мыңға тарта үй суға кететін еді. Ойпатта орналасқан үй тұрғындары топан судың қарқынынан қауіптеніп, көмек сұрады. Бөгеттің ашылатынын ескерткен билік тұрғындарға тағы бір қауіптің төніп тұрғанын жария етті. Яғни ағыспен сырғыған қолтырауын, жылан және өзге де жыртқыш жануарлар өзенді тастап, тұрғын үйлерден бір шығуы мүмкін.