Үлкен спорт. Футболшы Эмилиано Сала мінген ұшақ апатқа ұшырады

Аргентиналық футболшы Эмилиано Сала мінген ұшақтың апатқа ұшырағаны анықталды. «Евроньюстің» хабарлауынша, бұл ұшақпен жалғыз адамның ұшқаны расталды. 22 қаңтарда француздық Нантадан валийлік Кардиффке бағыт алған Piper Malibu жолаушылар ұшағы радар бетінен ізімғайым жоғалып кетті. Әуе кемесінде футболшы мен ұшқыш қана болыпты.