Мәдениетке саяхат. «Qazaqstan» орталық концерт залына 10 жыл

«Qazaqstan» орталық концерт залына 10 жыл! Айтулы күнге орай аталмыш ғимаратта мерекелік кеш өтті. Шарада «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің сүйемелдеуімен Италияның атақты опералық әншісі Альдо Капуто және халықаралық байқаулардың лауреаты Әйгерім Алтынбек өнер көрсетті.