Art Global. Студенттік оркестрдің Францияға сапары

Париж – әлемдегі ең атақты қалаларжың бірі, романтикаға толы шаһар, сән әлемінің орталығы, ақиық ақын-жазушыларға, суретшілер мен музыканттарға ерекше шабыт сыйлайтын мекен, бар әлемге танымал ғажап арxитектуралық мүсіндерге толы ашық аспан астындағы музей. Қаланың басты кереметіне көрініс Трокадеро алаңынан ашылады. Бүгін ол әдеттегідей туристерге лық толы. Алайда, үйреншікті шансонның орнына xалыққа өзге музыка тарту етілді. Париж аспаны домбыраның күмбірінен айқындала түсті. Ашық аспан астында кішігірім концерт Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенттерінің бастауымен өтті. Ендеше бағдардамамыздың бүгінгі санында студенттік оркестрдің Франциядағы гастрольдік сапары жайында баяндайтын боламыз.