Медицина І Склероз дерті

Бұл өте ауыр дерт десек те болады. Көп жағдайда ол генетикалық тұқым қуаламайды. Шашыраңқы склероз, қазақшалап беріш деп те аударып жүр, бұл-ми мен жұлындағы нерв жүйесінің өзгеріске ұшырауы. Импульстар, яғни сигналдар – жүйке жүйесі арқылы мидан дененің қажетті бөлігіне жеткізіліп отырады. Орталық нерв жүйесіндегі талшықтар миелин деп аталатын қабықшамен қапталып тұрады екен. Тек бір шақта қабықша жұқарып, нерв ашық қалады.