Экономика | Өнімді таңбалау
Қазақстан жаңалықтар:
- Қазақстан алтын қоры бойынша Сауд Арабиясын басып озды;
- Қазақстанда жанармай арзандады. Есесіне өндіріс артқан. Бір жылда 12 процентке;
- Қазақстандағы мобилді операторлардың кірісі тағы 3,5 процентке кеміді.
Сараптама:
Қазақстанда аяқ киімдерді таңбалау пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл іске Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығы негіз болған. Біздің Үкімет осы арқылы көлеңкелі импортты тежеп, контрабандалық тауарлардың жолын кеспек. Жоба келесі жылдың сәуіріне дейін жалғасады. Соған дейін тауарларды таңбалау, яғни арнайы маркамен белгілеудің қаншалықты тиімді екені тексеріледі. Әл-әзір жобаға ондаған кәсіпорын қатысуда. Олардың арасында отандық өндірушілер де, импорттаушылар да бар. Жалпы, аяқ киімдерді таңбалау ерікті түрде әрі тегін жүргізіледі. Санаулы секундтардан осы жаңажылдық жайлы кеңірек баяндамыз. Бізбен бірге болыңыздар.
Спикерлер: Әлихан Смайылов - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі; Нұрлан Нығматулин - ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы; Абай Ахметов - Нұр-Сұлтан қ. МКД камералдық бақылау бөлімінің бас маманы.