Экономика | Мобильді жұмыспен қамту орталықтары

Қазақстан жаңалықтар:

- Қазақстанда АҚШ долларына сұраныс артқан;

- Қазақстаннан мұнай өнімдерін автотранспорт арқылы тасымалдауға уақытша шектеу қойылуы мүмкін;

- Интернет дүкендер мемлекеттік сатып алулардың бір тетігіне айналады.

 

Әлем жаңалықтар:

- Boeing-тің ұшақ өндірісі 38 процентке азайған. Компания өткен 7 айдағы жұмыстың қорытындысын жариялады.

 

Сараптама: Мобильді жұмыспен қамту орталықтары

Қазақстанның 3 қаласында халықты жұмыспен қамтуға арналған 30 мобильді орталық жұмыс істейтін болады. Мобильді орталық деген  - шағын ғана кеңселер. Онда жұмыссыз жүргендер жүгінеді. Мамандар қарым-қабілетіне қарай олардың екі қолға бір күрек табуына жәрдемдеседі. Іскерлікке ептілігін байқаса «Бастау» мектебіне жіберіп, бизнестің қыр-сырын үйретеді. Келесі бірін қайта даярлап, жұмысшы мамандығына баулуы мүмкін. Қысқасы еңбектенем дегенге істің көзін тауып береді.

Спикерлер: Алмат Жүнісов - Нұр-Сұлтан қ. Кәсіпкерлер палатасының директоры; Асқар Өтепқалиев - «Жас кәсіпкер» жобасының бизнес-жаттықтырушысы.