Экономика | Қазақстан республикасының Президентінің жолдауы
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ертерек пайдалануға мүмкіндік беру, микро компаниялар мен шағын бизнесті табыс салығынан босату, 5 пайыз көлеміндегі қосымша зейнетақы аударымдарын міндеттеуді 2023 жылға дейін шегеру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы жолдауын жариялап, əлгінде атағанымыздай бірнеше тың бастама көтерді. Біз мұқият тыңдап, біраз тұсын түртіп алдық. Сонымен, Қазақстанды таяу жылдары қандай өзгерістер күтіп тұр? Отандық бизнес қалай түрленеді? Тарқатып көрейік.