Цифрлық Қазақстан І Жолдарға жасанды зерде ендіру

Бүгінгі таңда еліміздің бас қаласында, келімді-кетімді көлікті қоса есептегенде, үш жүз мыңнан астам көлік құралы бар. Әр жүргізуші діттеген жеріне жылдам жетуді көздейді. Қарбалас сәттерде көлік тізгіндеп отырған азаматтар қапаланып, бір-бірін асықтырады. Бағдаршамда тоқтап тұрғанда, дауыс көтеретіндері де кездеседі. Көлік күннен күнге көбейіп келеді. Сәйкесінше, жол-көлік жүйесін құрушылар қозғалысты оңтайландырудың амалын іздейді. Ал, кейбір магистральдардағы көлік қозғалысын реттеу, жасанды зерде арқылы жүзеге асырылады.