Риелторлар қалай жұмыс істейді І Халықтық экономика

Риелторлар қалай жұмыс істейді және өзіңізді алдап кетуге қалай жол бермеуге болады?

Айналамызда тұрғын үйді жалға алған, баспанасын сатқан немесе пәтер алған жандар көп. Олардың арасында өзімізде бармыз. Қым-қуыт тірлікпен жүріп, сол жылжымайтын мүлікті сату үшін тұтынушы тауып беретін мамандарға арқа сүйеп жататындар да бар. Мұны риелтор деп атап жүрміз. Алайда, осы саладағы жауапсыз маманның олқылығынан бүтін бір делдалдарға деген сенім азайып келеді. Тіпті, өзін риелтор деп таныстырып, алаяқтықты кәсіп қылғандары қаншама?!  Бүгінгі бағдарламада риелторлардың жұмысы туралы айтамыз.