Олимп І Садақ ату шеберлерінің дайындығы қалай жүріп жатыр?

Күн өткен сайын олимпиада ойындары жақындап келеді және, соған сәйкес, спорттағы қарбалас та күшейді. Бұл жолы садақ ату шеберлерінің базасында болдық. Бұндағы жағдай салыстырмалы түрде күрделі. Неге күрделі? Өйткені, жарыс атаулы әлі күнге дейін жанданбады. Жарыс түгіл жаттығудың өзі бірде бар, бірде жоқ дегендей. Бұның барлығы айналып келгенде спортшылардың бабына, одан кейін олардың нәтижесіне, ал, оның артында елдің иммиджіне кері әсер етері сөзсіз. Бүйте берсе саладағы жағдай не болады, жарыстарға қашан жан бітеді және жылдың басты бәсекесі олимпида ойындарына дайындық қалай? Алдағы минуттарда, міне, осы жайында айтпақпыз.