Кабинет. Қадырбек Бөрібеков
Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның кәсіби және техникалық білім беру саласы тұралап қалды.
Бұған бәлкім оқу орындарындағы тозығы жеткен материалдық база, оқытушылар құрамының жаңармауы, ұстаздыққа жас толқын келгенімен, олардың қазіргі заман талабына сай біліктілігінің аздығы себеп. Міне, осы сияқты көптеген мәселелер саланы дамытуға кедергі келтіргені хақ. Бүгінгі күні үкімет кәсіби білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруді мықтап қолға алды. Біз осы тақырып бойынша «Кәсіпқор» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Қадырбек Бөрібековпен сұхбаттастық.