Мәдениет. Итальяндық әуенге бөлеген кеш
Классикалық музыканы жоғары бағалайтындар үшін Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі көпшілікке жаңа концерттік бағдарламасын ұсынды.
Кеш барысында өткен ғасыр композиторларының тамаша туындылары орындалды. Концерттік бағдарламада ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жан Тапин мен Қияқбай Асанбаев, сонымен қатар орындаушы Сымбат Тасбергенова өнер көрсетті.