Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Түркістан облысындағы табиғи парк аумағында 25 мың гектардан астам жерге сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды.
Бұл үшін Отырар орман қорына тиесілі жер учаскесі дайындалып, арнайы сұрыптар алынды. Сонымен қатар күзгі егістік науқаны Созақ, Шардара аудардарында жүргізіледі. Жалпы өңірде 2025 жылға дейін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 170 миллион түп ағаш көшетін егу жоспарланған. Биыл осы мақсатта 2 мың гектар жерге сексеуіл көшеттері егілді. Сонымен қатар өзге де табиғи парк төңірегін көгалдандыру қолға алынып, жеміс ағаштары да отырғызылды. Табиғатты қорғаушылар экологиялық науқан аясында бұлақ бастаулары мен өзен-көлдердің жағалауын тазартып, 450 тоннадан астам қоқыс жинаған.
Нұрдәулет Оразымбетов облыстық ОШ және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
- 3 млн 400 гектар орман қоры жер бар. Оның 1,5 млн гектары орманмен көмкерілген. Соған байланысты орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті осы жоспар аясында биыл Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде 34,4 гектар жерге көктем мезгілінде 29 мың түп жеміс ағашының көшеттері егілді.