«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында тоғыз мың бала дүниеге келді

Келер жылы елімізде қосалқы репродуктивті технологияның енгізілгеніне 30 жыл толады.

Бедеулікпен күреске бағытталған «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында бүгінге дейін 9 мың нәресте дүниеге келді. Өңірлерде жыл сайын 7 мың квота бөлініп отыр. Аталған бағдарламаның шарттары өзгерді ме? Оған кімдер қатыса алады? Қандай жаңашылдықтар бар?

Қайырлы кеш. Осы тақырыпты тереңірек зерттеу үшін қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті Алмагүл Ахметовамен тілдестік. Осы саланың қыр-сырымен етене таныс тәжірибелі маман елімізде бүгінде «Аңсаған сәби» бағдарламасының тиімділігі жоғары, деді. Оны іске асыру мерзімін 2030 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданған. Бағдарламаға қатысу тетіктері жыл сайын жетілдіріп келеді. Алдағы жоспар – жүйені цифрландыру. Жоба қазір дайын. Іске қосылған соң мемлекеттік квота алу үшін кезекке тұрушылар барлық процесті онлайн қадағалай алады. Осы тұста маманның бізге берген сұхбатынан үзінді тыңдайық.

Алмагүл Ахметова, Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті:

- Тең жартысына жуығында шығынды мемлекет өтейді. Бұл үлкен серпіліс. Орталық Азия кеңістігінде Қазақстан көшбасшы саналады. Бізде бедеулікті емдеу үшін көп мөлшерде квота бөлінеді. Экстракорпоральді ұрықтандыру - Денсаулық сақтау министрлігі бекітіп, ұсынған медициналық ем-шара, бедеулікті жеңудің бір жолы. 

Кейінгі жылдары емделушілердің ағзасында гормондық ауытқулар мен түрлі инфекция жиі кездеседі. Адамның өмір сүру салты, психологиялық күйі мен артық салмақ та бедеулікке әкелетін негізгі антропогендік факторлар. Бұл жайында Алматыдағы Репродуктивті медицина институтының дәрігер-репродуктологы Дана Досалиева айтып берді.

Дана Досалиева, репродуктивті медицина институтының дәрігер-репродуктологы:

- Көбінесе эко бағдарламасы трубный фактор яғни жатыр түтікшесі өтпей қалған жағдайларда бізге жас әйелдер келеді. ЭКО-ны біз негізі 46 жасқа дейін жасаймыз бірақ неғұрлым әйел адам жас болса, соғұрлым эко программасыныі нәтижесі де өте жақсы болады. Тексереміз, неден көтермей жатқанын білеміз. Содан кейін 1 жылдың ішінде жүктілік болмаса, онда біздің эко-ға келуге болады. ЭКО 1 млн 200 мың теңгедей болады бірақ егер квотамен өтетін болса ол түгел тегін болады.

Жылына 7 мың квота бөлінеді деп жатырсың. Соның барлығы нәтижелі болып жатыр ма?

Біздің клиникаларымызда ЭКО бағдарламасының нәтижелілігі 40-50%-ға дейін жетеді. Репродуктологтар бұл өте жақсы көрсеткіш дейді. Себебі салыстырмалы түрде Еуропа елдеріндегі статистиканы айтсақ, эко-ның нәтижелілігі 30%. Дегенмен, ол елдерде бұл көрсеткіш "жақсы" деп саналады.

Әлем елдерін тілге тиек еттіңіз. Отбасыларға бала сүюге үміт сыйлайтын «Аңсаған сәби» секілді жобалар тағы қай мемлекеттерде бар, бұл жайында зерттеп көрдіңіз бе?

Әлем бойынша мұндай тәжірибе алғаш рет 1978 жылы Англияда жүзеге асырылған. Заманауи мысалға тоқталсақ, Түркия тәжірибесін айтып өтуге болады.Анкарадағы әріптесім Меруерт Қанағат түрік репродуктологтарымен әңгімелесті. Айтуынша, ол елде жасанды ұрықтандыру әдісі 1988 жылы тұңғыш қолданылған. Алайда бүгінде «Аңсаған сәби» секілді арнайы бағдарлама жоқ. Тек, медициналық сақтандыру жүйесі арқылы, дәрігерлер кеңесінің шешімімен  жартылай немесе толық қаражатын төлеу жолдары бар. Мысалы, өткен айда 2 мың адамға операция тегін жасалған. Түркияда 150-ден астам арнайы орталық бар, жылына 100 мыңға дейін ЭКО жасалады. Жалпы, бұл сала Түркия Денсаулық сақтау министрлігі қадағалайтын маңызды бағыт саналады.

Айгүл Демирол, гинеколог, профессор: 

- Түркияда эко жасау технологиясы қарқынды дамыған. Дәрігер ретінде осы салада 30 жылдан астам қызмет етіп келемін. Зертханадан бастап, клиникаларда көп жылдар бойы еңбек еттім. Азаматтарымыз бұл қызметті ақылай яки медициналық сақтандыру арқылы жасата алады. Тегін немесе білгілі мөлшерде мемлекет төлеуі үшін арнайы медициналық кеңестің нәтижесі қажет. Біз пациенттерге осы жағдайлардың барлығы туралы толық ақпарат береміз. Экстракорпоралды ұрықтандыру – қаржылық жағынан да, рухани жағынан да өте ауыр емдеу процесі. Емделушілерімізге барынша қолдау көрсетуге тырысамыз.

Енді сандарға тоқталып өтейін. Елімізде жыл сайын 17 мыңға жуық экстракорпоральді ұрықтандыру әдісі жүзеге асады. Оның ішіне мемлекеттік квота және ақылы бағдарламалар кіреді. Салада 20 отандық клиника жұмыс істейді. Бүгінге дейін 9 мың нәресте дүниеге келген. Айта кетерлігі, мемлекет тарапынан «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыруға жыл сайын 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

Жыл сайын - 17 мың ЭКҰ

20 отандық клиника

9 мың бала

Мемлекеттік квота - ₸8 млрд 

Бұл отандық медицинадағы озық технологиялық жетістіктің бірі.