Олимпиада ойындары қалай өтіп жатыр? І Олимп

Сонымен, Токио төрінде қазір қызу қарбалас. Олимпиада ойындары. Әбден сағындырып жеткен ойындар. Төрткүл дүние жапон астанасына көз тігіп, тақымдарын қысып отыр. Әсіресе, бүкіл әлем вируспен күресіп, әбден қажыған уақытта бұл жақсы бір мотивация болды. Өкінішке қарай, отандық тележурналистер байрақты бәсекеге бара алмады. Бірақ, барлығын тікелей эфирден тамашалап, артынша спортшылардан хабар алып отырмыз. Сол жақтағы бапкерлер бар, басқасы бар, отандық спорттың басы-қасындағылар бейнебайланысқа шығады. Пікір бөліседі. Көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап береді. Қысқасы, біз бүгін олимпиада төңірегіндегі соңғы ақпараттарға тоқталып, осы эксклюзивті сұхбаттарды назарыңызға ұсынбақпыз.