ҚР Ұлттық мұрағатында суретші-монументалист Ерлан Айтуаровтың жеке көрмесі ашылды. Іс-шара Қазақ хандығының 550 жылдығына негізделген. Онда келушілер назарына қазақ хандары мен батырлары бейнеленген 27 еңбек ұсынылды.