Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді
Қазақстанда жыл басынан бері адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеді.
Адам саудасына қатысты 17, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты 15, адамды заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша 4 факт анықталды. Заңгерлердің айтуынша, Қазақстан қылмыстың бұл түріне жол бермеу бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарып жатыр.
Шынар Көшербаева, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары:
- Алайда адам саудасы – түбегейлі тыйылмай тұрған қылмыс. Іс жүзінде жыныстық және мәжбүрлеп жұмысқа құлдыққа салу, нәрестелерді саудалау, адам ағзасын сату, қайыр тілеуге мәжбүрлеу сияқты қылмыстарды анықтап жатамыз. Бұл санатта ұйымдасқан топтар әрекетінің жолын кесіп, зардап шеккендер анықталып, кінәлілер жауапқа тартылады.