«Жастар» театры өзінің XV маусымын ашты | Мәдениетке саяхат

- «Жастар» театры өзінің XV маусымын ашты. Өнер ұжымы жаңа маусымын Талаптан Ахметжанның «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» атты спектаклімен бастады.

- «Эрмитаж онлайн» жобасының жаңа шығарылымы музей кешенінің ең көне ғимаратына арналды. Бұл Петр І ресми резиденциясы.

- Вигмор Холлда виолончельші Алиса Вайлерштайнның концерті өтті. Кеш бағдарламасына Иоганн Себастьян Бахтың асқақ туындылары енді.

- Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы оқушылар үшін жаңа концерттік маусымның жылдық абонементін дайындады. Оған оркестрдің бес концерті кіреді.