Қазақстандық шенеуніктер қырағы қадағалауға алынады | Antikor.KZ

Мамандардың айтуынша, жемқорлықпен күрес кезек күттірмейтін шаруа. Бұл қылмыс түрі заман ағымымен дамып келеді. Түрлі жолдары бар. Демек мемлекет күресу тәсілдерін де жетілдіруі керек. Бұл саладағы саясат түбегейлі өзгерісті қажет етеді.

Елде жемқорлыққа қарсы алдағы 5 жылға арналған тұжырымдама әзірленіп жатыр. Стратегиялық құжаттың мәні неде? Қандай ерекшеліктері бар? Қоғамды жегідей жеген сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді механизмдерін ұсына ала ма?