ГРЕКО: қашқындар мен шетелдерге асырылған активтерді қайтаруға мүмкіндік бере ме? | Antikor.KZ

Өз Отанынан ақша ұрлап, шетелдерде алаңсыз тұрып жатқан опасыздар кім? Өзге мемлекеттерде жасырынып жүрген қазақстандық жемқорлардың саны қанша?

Сапалы заңнама және құқық қорғаудағы үздік тәжірибе. Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы - аталған қылмыстың тамырына балта шабу үшін біріге әрекет ететін альянс. ГРЕКО-ға мүше барлық 50 ел өзара тәжірибе алмасады. Ұйымға мүше мемлекеттер қоғамды жегі құрттай жейтін жемқорлыққа қарсы күресте жұдырықтай жұмылады.